Молдова президенті дүниеден өтті
14.09.2023
Опубликовано в
Жизнь
Молдованың алғашқы президенті Мирча Снегур қайтыс болды. |
«Интерфакс» мәлім еткендей, Молдованың тұңғыш президенті Мирча Снегур 14 қыркүйекке қараған түні 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 1990 жылдың 3 қыркүйегінен 1997 жылдың 15 қаңтарына дейін елді басқарған.
Саясаткердің қазасы туралы ақпаратты бұрынғы вице-премьер Константин Тампиза растады. Снегур айықпас дертке шалдыққан көрінеді.
Молдованың тұңғыш президенті Кишинев орталық мазарында жұбайының қасына жерленеді.