“Тұманбаев жыл бітуге екі ай қалғанда 522 миллионға қайда қыдырып қайтпақсың”: Айгүл Орынбек спорт басқармасы басшысын қатаң сынға алды

20.10.2023
Опубликовано в Новости

Заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевты қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медта порталы.

"Шымкентте депуттардың алдына келген спорт басқармасының басшысы Тұманбаев Бауыржан футзалға 522 млн теңгені қосымша сұрады.
Алайда ол қаражатты қайда жұмсайтынын айталмай тұр! Талғат Балтабаев өте дұрыс сұрап жатсыз!

Жылдың басында Ордабасы футбол командасына 2,5 млрд теңге бөлінетінін Шымкенттіктер түгілі, бүкіл әлем біледі!

Бауыржан Тұманбаев депуттардың алдында сұрап тұрған ақшаны, халықтың алдында не үшін сұрап тұрғаныңды ашық айтарсың?

Тұманбаев жыл бітуіне екі ай қалғанда 522 миллионға қайда қыдырып қайтпақшың?

Шымкент Антикор Оянамыз!

Мыналар жылдың соңында 522 миллион сұрап, жаңа жылды қайда тойлап қайтпақшы?

Ресми түрде арыз тастаймын!
Футболға бөлінген жылдық қаражаттың мақсатты пайдаланғанын тексеріп, анықтап беріңіздер!

“Қалдық ақша “, деп жыл соңында қалталарыңа салып алмақшыңдар ма?

Бұндай тәсілдеріңді білімнің миллирдтап жеген схемаларынан соң біліп алдық қой!

Ғабит Сыздықбеков қос азаматтығы бар, соттылығы бар, тұрғын үй тендерлеріне қатысы бар адамдардан аулақ жүре ма десем, орталарына мәз болып отырып алыпсыз ғой.

Ғабит 522 млн бюджеттен бөлініп кетпесін, қаланың бюджетіне ие бол", — деп жазды Айгүл Орынбек.