Cемей қаласының барлық ауданында жарық сөніп қалды
16.02.2024 Семей аумағында жарық сөніп, суық су сөніп тоқтап қалды. |
Бұл туралы Abai News телеграм арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, қазір арнайы жөндеу бригадалары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жарық 17 минуттан кейін беріле бастағанын хабарлады.
"Семейде жаппай апат болды, қаланың барлық аудандарында шамдар сөніп қалды", — делінген жұма күнгі хабарламада.
Энергетика министрлігі Семейде электр қуатымен проблемалар туындағанын растады. Ведомствоның мәліметінше, тек 15 минут қана жарық сөнген, қазір бәрі қалпына келтірілді.
"Сағат 13:30-да "KEGOC" АҚ желілері өшірілгендіктен, Семей қаласында жарық сөнді. Сағат 13:45-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді", — деді министрлік.
Электр жарығы қалпына келді, су әлі қосылған жоқ. Жергілікті БАҚ қазір су жоқ екендігін жазып жатыр.
Бұған дейін Атырауда жауыннан кейін көшелерді су басып, үйлердің қабырғасы опырылғанын жазған едік.